Өңірде “Іскер әйел ісімен көркем» атты қыз-келіншектерге арналған форум өтті. Облыстық ішкі саясат және білім басқармасы мұрындық болған жобаны «Ai-Ana» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Форумға облыстың түкпір-түкпірінен келген 100-ден аса адам қатысты.