Аймақта білім беру мекемелері аз. Соның салдарынан кейбір оқу ордалары үш ауысымда балаларға білім беруге мәжбүр. Апатты мектеп саны да өткір тұр. Бұдан өзге орыс сыныптары мен математика, жаратылыстану пәндеріне мұғалім қажет. Қазір мәселені реттеу үшін білім басқармасындағылар жұмыс істеп жатыр. Білім саласындағы өзгерістермен жаңашылдықтар туралы Лаура Қисметова тарқатады.