Орал өңірін сарсаңға салған тасқын су енді аз күнде Атырауды да басып қалуы мүмкін. Бүгінде барлық күш облыс орталығын тасқыннан қорғап қалуға жұмылдырылуда. Жайық өзенінің жағалауы 107 учаскеге бөлініп, бөгеттер тұрғызылуда. Тасқыннан қорғануға 600 дей техника мен 3 мыңдай адам күші жұмылдырылған. Сондай-ақ, өр суын қалаға кіргізбей Каспий теңізіне бағыттайтын бұрынғы су жүйлеріне қосымша 24 шақырымдық канал құрылысы қолға алынған. Оның тереңдігі 2, ені 7 метрді құрайды. Жаңа канал құрылысмын тансықан сенатор Сағындық Лұқпанов кешелі бері мұнайлы өңірде байқағандарын ортаға салды.