Халыққа тегін құқықтық көмек көрсету негізінде акция ұйымдастырылды. Өткен жылдың тамыз айында іске қосылған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасы аясында Атырау облысында "Жемқорлыққа қарсы мобильді топ" өз жұмысын бастады. Бұл топ халық арасында профилактикалық жұмыстар жүргізеді, құқықтық сауаттылыққа консультациялар береді. Толығырақ Раушан Нұрболат тарқатады.