"Камелия" би тобының "Би қанатында" атты есептік концерті өтті. "Жастар" мәдениет сарайында өткен іс-шараға жиналғандар көп болды. Бір жарым сағаттық бағдарлама барысында би ұжымы өз көрермендеріне 35 түрлі нөмір ұсынды. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі, стилі бар. "Камелия" ансамблі қалалық және облыстық деңгейдегі концерттерде үнемі бой көрсетеді. Бүгінде ұжым "Очаровашка" Халықаралық балалар шығармашылығы байқауының Гран-при иегері, сондай-ақ Астанада өткен "Ақ көгершін" Халықаралық балалар шығармашылығы байқауының II орын лауреаты.