Атырауда жасөсіпірімдердің жоғалу дерегі артқан.Мәселен,былтыр 365 жасөспірім із -түссіз кеткен.Полиция олардың тек 351-і тәулік ішінде тапқан. Өкінішке қарай, бір жасөспірім өз-өзіне қол салып, өзеннен өлі денесі табылды.Қазір департамент қызметкерлерінің іздеуінде 16 із-түссіз жоғалған азаматтың ақпараты бар. Олардың кейбіреуі 2015-ші жылдардан бері іздеуде тұр. Басым бөлігі ер адамдар. Олардың ақпараты республикалық жоғалғандар базасына енгізіледі және тұрақты басылым беттерінде жарияланып тұрады.Тәртіп сақшылары қандай да бір құқық бұзушылыққа куә болған жағдайда, бірден полицияға хабарласуды сұрайды.