Атырауда жыл басынан бері 14 мыңға жуық сәби дүниеге келген. Өңірде туу көрсеткішінің өскені байқалады. Кеше халық санын 20 млнға жеткізген бес нәрестенің біреуі шахарда дүние есігін ашқан еді. Бүгін облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері перзентханаға барып, аналарды құттықтады. Халық санының өсуіне үлес қосып жатқан жандарға сый жасады.