Көлігімен дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды. 17 қыркүйек күні патрульдік полиция қызметкерлері қызмет барысында, Әуежай алаңында «Mercedes» маркалы автокөлігімен түрлі қозғалыс жасап, дрифт элементтерін орындағанын және бұл әрекетімен айналаға қауіп төндіріп жатқанын байқаған. Тексеру кезінде, 19 жастағы жүргізушінің сақтандыру туралы заңнаманы бұзғаны анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 5-бөлігі, 230-бабы 2 бөлігімен жауапқа тартылды.