Өңірімізде 200 орындық спорттық мектеп интернаты ашылды. Су жаңа оқу орнында 7 - сыныптан 11-сыныпқа дейінгі балалар білім алумен қатар спорттың әр түрімен кәсіби түрде шұғылданады. Мұнда Тек қаланың ғана емес облыстың шалғай ауылдарындағы балалар да келіп білім алуына мүмкіндігі бар.