Атырауда ата -ананың қамқорлығынсыз қалған 5 бірдей бала мүлкінен айырыла жаздады. Қалалық прокуратураның мәліметінше, балалардың ата - анасының алды 2017 жылы қайтыс болған. Сол уақыттан бері жауапты мемлекеттік мекеме тарапынан олардың мүлкін сатуға және меншіктеуге шектеу қойылмапты. Олардың иелігінде 5 пәтер және 1 жер телімі бар. Заң бойынша мұндай мүлікті 18 жасқа толғанша үшінші тұлғаға сатуға тыйым салынуы әрі мұнымен қалалық білім бөлімі айналысуы тиіс. Бірақ салғырттық танытқан сала мамандары жұмысты өз деңгейінде атқармапты. Прокурорлар дер кезінде іске араласып, биылдан бастап шектеу енгізілді. Енді ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Ал жұмысына жеңіл қараған мемлекеттік қызметкерге тәртіптік жаза қолданылады