Осы жылы ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық Комиссияның қолдауымен Самұрық-Қазына және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ауқымды әлеуметтік жоба "Саламатты Қазақстан" жүзеге асырылып келеді. Жобасы аясында жолға шыққан медициналық пойыз Исатай ауданына келді. Жылжымалы медициналық көмек көрсету пойызы Аққыстау ауылдық округіне тоқтап, ауыл халқының денсаулығын тексерді. Білікті мамандардан құралған 35 дәрігері бар жылжымалы құрам 2000 жуық облыс тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіп үлгерді.