Алдағы өрт қауіпті кезеңде республиканың батыс бөлігінде температура +30ºС дейін жоғарлауы мүмкін. Осыған орай Махамбет аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме тактикалық оқу-жаттығу жиынын өткізді. Мақсат - дала, орман өрттерінің алдын алу және өрт бола қалған жағдайда мекемелердің дайындығын пысықтау.