Атырау Облысының және Исатай ауданының құрметті азаматы Нұржиян Абдолованың «Ұрпаққа ұлағат» кітабының тұсаукесері өтті. Кітапта өңір тарихы тереңнен зерделеніп, кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде ұсынылған. Саналы ғұмырын өңір дамуына арнаған абзал ананың туғанына биыл 80 жыл. Еске алу шарасына облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Марат Әбуов пен автордың қызметтес болған әріптестері, балалары қатысты.