Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында 2022-2023 жылғы оқу жылының аяқталуы және демалыс кезінде балалардың сауықтырылуы, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру қаралды. Жиында облыстық білім беру басқармасының басшысы Гүлнар Сәдуақасова баяндама жасады. Оның айтуынша, облыс бойынша 70 000-ға жуық оқушы жазғы демалыспен қамтылады. Сондай-ақ Серік Шәпкенов лагерьлердің инфрақұрылымын жақсарту бойынша Жол картасын жасақтауды жүктеді.