Облыстық медициналық жедел жәрдем станциясында бітіруші студенттер арасында сайыс өтті. Осы уақытқа дейін алған білімдерін шынайы оқиға жүзінде дәлелдеген жастар бар білетіндерін ортаға салды. Мұндай жарыстарды жиі өткізудің мақсаты түлектердің теориялық және практикалық білім деңгейін арттыру дейді ұйымдастырушылар.