Биылғы оқу жылына 88 мың грант бөлінді. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлім етті. Атап айтқанда, биыл 18 мамырда осы жылғы негізгі ҰБТ басталды және ол 5 шілдеге дейін жалғасады. Жалпы, ҰБТ-ға 166 мың талапкер өтініш тапсырған. Гранттың 60 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтарды қамтиды. Сондай-ақ, тығыз орналасқан, жаңа құрылған және батыс аймақтарындағы жастар үшін де арнайы грант бөлінген. 2023 жылы өңірлік ЖОО-ларға бөлінетін педагогикалық квота саны артып, 6280 грант қарастырылған. Ал «Серпін» бағдарламасы бойынша 3653 грант бөлінген.