Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай акция өтті. Исатай - Махамбет алаңында өткен шарада мамандар халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ұйымның дерегінше өңірде туберкулезбен ауратындар саны азайып келеді. Соңғы үш жылда көрсеткіш әр кезең сайын 7 пайызға төмендеген. Бірақ ауру түбегейлі жойылған жоқ. Жастар арасында аурушаңдық басым. Өйткені, нәрестелерге екпе салу баяу. Өкінішке қарай, екпеге қарсы ата - аналардың 80-90 пайызы теріс діни ағымды ұстанушылар. Бірақ, бұған қарамастан мамандар туберкулезге қарсы күрес жүргізуде.