22-ші облыстық "Червона Калина" украин шығармашылығы фестивалі өтті. Украин этномәдени бірлестігінің өкілдері ұйымдастырған шара, облыстық халық шығармашылығы орталығында өтті. Мәдени шараға ересектер де, балалар да қатысты. Олардың арасында облыстық, республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары мен лауреаттары бар. Әншілер мен вокалдық топтар халық әндерін украин, қазақ және орыс тілдерінде орындаса, би ансамбльдері әртүрлі ұлттар биін биледі. Фестивальдің мақсаты - халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достықты арттырып, өнерді кең насихаттау.