Бүгін Қазақстандықтар үшін маңызды күн. Елімізде парламент мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Қазір облыс бойынша 269 сайлау учаскелері жұмыстарын бастап кетті. Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек. Себебі өз таңдауын жасаушыларға бір емес бес бюлеттень ұсынылады. Әр участок сайлаушыларға әр түрлі жағдай жасауда. Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келген бұл саяси науқанда номері 10 шы сайлау учаскесі ұлттық нақышта сайлаушыларды қарсы алып жатыр. Сондай-ақ бұл жерде шетелдік байқаушыларда жұмыс барысын жіті қадағалауда. Дауыс беру участогінен тілшіміз тарқатады...