Ережесіз жекпе - жектен мерген файт джуниор республикалық туринирі өтті. Жайық спорт кешенінде өткен бәсекеде 16 жасқа дейін жасөспірімдер бақ сынады. Республиканың әр өңірінен келген 24 жауынгер 8 бұрыштың ішінде өнерлерін көрсетті. барлығы 12 жұп өзара жеңісті сарапқа салды. Кештің басты жекпе - жегі атыраулық жас файтер мен қызылордалық жас спортшының арасында өтті. Ал турнирдің алғашқы жекпе - жегінде мерген клубының мүшесі Алмас Мұқашев пен оралдық спортшы кездесті. 3 раундқа созылған бәсекеде атыраулық өрен жеңіске жетті.