Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағұлов ерлігін дәріптеуге арналған облыстық патриоттық ән байқауы өтті. Кеңес Одағының Батыры, кіші лейтенант Қайырғали Смағұлова 1919 жылы 5 қыркүйекте Атырау қаласында дүниеге келген. Ол Кеңес әскері қатарына 1939 жылы шақырылған. 1941 жылдың маусымынан Солтүстік Кавказ майданы 18-армия 318-атқыштар дивизиясы 1339-атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Оның айрықша қайсарлығы, әсіресе, Керчь түбегіндегі ұрыста байқалды. Батырдың өмірі мен ерлігі Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» шығармасына арқау болған. Байқау мақсаты - Кеңес Одағының батырының ерлігін майданда және тылда көрсеткен еңбегін паш ету. Жерлесімізді еске алып, өмір жолын, ерлігін таныту және үлгі-өнеге тұту.