Атырауда тағы бір саябақ құрылысы басталмақшы. Жоба құны 6,3 млрд теңгені құрайды. Қалалық паркті Әлия Молдағұлова және Пушкин көшелерінің қиылысындағы 4 гектар жерге салу жоспарланған. Мамыр айында барлық тендерлік сметалық құжаттары аяқталып, маусым айында мердігер компания жұмысты бастамақшы. Саябақ толығымен көгалдандырылады. Жобада шағын архитектуралық нысандар көзделген, оның ішінде: мәрмәр тастан жасалған орындықтар, мүсіндік композициялар, қоғамдық дәретхана және полиция бекеттері қарастырылған. Сондай-ақ шахар келбетіне көрік беретін бірнеше субұрқақтар салынады.