«Атырау облысында кәсіпкерлікті дамыту». Осындай атаумен конференция болып өтті. Мұнда отандық өнім түрлерін көбейту және жергілікті қамтуды ұлғайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін жеке шағын серіктестік, кәсіпкерлер палатасы және облыс әкімдігімен үш жақты келісімге қол қойды. Тараптар импортты алмастыру саясатын іске асыру саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті.