160-қа жуық сарбаз "Ұлттық ұлан" әскери бөлімінің қатарын толықтырып, ант қабылдады. Қарулы күштер сапына күзде шақыртылғандар салтанатты рәсімге бір ай бойы тыңғылықты дайындалған. Еліміздің әр түкпірінен келген сарбаздардың ата - аналары да шараның куәсі болды. Оған 300-ге жуық адам қатысты. Биыл күзде Ұлттық ұлан сапына 6000 мыңға жуық азамат шақырту алған. Сарбаздар әскери борышты өтеу, тек әскери билет алу емес. Осы салада кәсіби жауынгер болуды мақсат тұттық дейді.