Аманат партиясының жанындағы Кәсіпкер бастауыш партия ұйымының конференциясы өтті. 2020 құрылған ұйым құрамында бүгінгі таңда 1 092 мүше тіркелген. Және 4 облыстық, 3 қалалық мәслихаттың депутаттары бар. Ұйым кәсіпкерлерді қолдаумен де айналысады. Былтыр кәсіпкерлер тарапынан 100-ге жуық ұсыныс түскен. Сондай-ақ облыстағы бірқатар ірі жобалардың жүзеге асуына мұрындық болған. Жиында жыл бойы атқарылған жұмыс қортындысы баяндалды. Басқосу барысында ұйым мүшелері бірқатар сұрақтар қойып, өздерінің ұсыныс пікірлерімен де бөлісті. Айта кетейік, кәсіпкер бастауыш партия ұйымы аманат партиясының тарихында алғаш рет құрылған. Облыстағы 106 бастауыш партия ұйым арасында мүше саны бойынша 2 - ші орында тұр.