4 ай бойы өткен ақындар бәйгесінде 17 облыс пен 3 қаладан барлығы 20 команда қатысты. Оқ бойы озық шыққан атыраулық дарабоздар жеңіп алған асыл домбыраны облыстық тарихи-өлкетану мұражайына табыстады. Асыл тастармен көмкерілген ерекше домбыраны тарту ету рәсіміне өзге өңірлерден де арнайы қонақтар келді. Мақсат - ұлттық өнерді ел санасында қайта жаңғыртып, саф өнерді таныту дейді ұйымдастырушылар. Бұл жобаның ерекшелігі бұрын айтыстарда 10 шақты ақын сөз жарыстырса, осы жолы аузы дуалы 60 ақын бәйгеге түсті. Ақтық кезеңде Жамбыл облысы мен Атыраулық ақындар кездесті. Айта кету керек, бұл мұражайға қойылған 75 - ші домбыра. 1975 жылдан бері 74 домбыра мұражай төрінен орын алған.