Атырауда бесінші қайырымдылық марафоны басталмақ. 2 қазанға жоспарланған жүгіру сайысына қатысушылар саны  - 2000. Желаяқтар 5, 10, 21,42  шақырым қашықтыққа жүгіріп, бақ сынайды. Таңғы 07:00 - ден түскі 14:00 ге дейін жалғасатын додаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен желаяқтар тіркелуде. Қатысушыларға естелік ретінде медаль табысталатын болады. Ал жеңіс тұғырынан 1-ші болып көрінген қатысушы 5.000.000 теңгеге ие болмақ. Айта кетейік, барлық жиналған сумма «Асар үме» қайырымдылық қорына жолданатын болады.