Исатай ауданында "қол өнер дауысы - 2022" облыстық байқауының бірінші кезеңі қорытындыланды. Облыс әкімшілігінің қолдауымен өткен шарада 60-тан аса үміткер бақ сынады. Жас колөнершілер тоқыма, былғары, ағаштан жасалған бұйымдарын көпшілікке ұсынып, өз шеберліктерін көрсетті.