Атырауда көшеде келе жатқан 43 жастағы  азаматты алабай ит қапты. Сұмдық оқиға қаладағы «Балауса» ықшам ауданында орын алған. Куәгерлер итке таланып, қансырап жатқан ер адамды видеоға түсіріп алған. Олардың айтуынша, қабаған ит  тұрған ер адамға еш себепсіз шауып, әпсәтте қан-жоса қылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше  жарақат алған азамат жедел жәрдем қызметі арқылы облыстық  аурухананың травматология бөліміне  жеткізіліп, тиісті ем-дом қабылдаған.