Негізгі Жаңалықтар Еңбек инспекторы сотталды

Еңбек инспекторы сотталды

Атырауда пара алған еңбек инспекторы сотталды. Ол жазатайым оқиғаға ұшыраған қызметкердің жұмыс істеген серіктестігіне комиссия төрағасы ретінде арнайы тексеру жүргізген. Кінәлі деп танылған  мекеме басшылығын жауапкершіліктен босату үшін ауызбастырық ретінде 1 млн 500 мың теңге сұраған. Сотта күдіктінің қылмысы толық дәлелденіп, 3 жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды.  Әрі өмір бойы мемлекеттік қызметте шеттетілді.

 

 

Бөлісу