Ғарыш аппараты сәтті ұшырылды. Қытайда елдің солтүстік-батысындағы Цзюцюань ғарыш айлағынан Long March-2F зымыран тасығышының көмегімен қайта пайдалануға болатын тәжірибелік ғарыш аппараты өз жұмысын бастады.

Ғарыш кемесі орбитада біраз уақыт болғаннан кейін Қытайдағы қону орнына қайта оралады. Аталған құрылғы ғарыш кеңістігін бейбіт зерттеуге техникалық қолдау көрсетеді. Айта кетейік, бұл Long March 2F зымыран тасығыштары үшін қатарынан 18-ші ұшырылым болды.