Құрманғазы ауданында ахуал тұрақты. Қазір ауданда мекемелер, сауда орындары мен  өзге де нысандар өз жұмыстарын кестеге сай жүргізуде. Ал блок бекеттері қойылмады.  Аудан халқы лаңкестердің құрықталуын, еліміздің қалыпты күнге түсуіне тілеулес. Бұл тұрғыда Ел Президентінің  үндеуін қолдап,  арнайы шаралардың орындалуына күш біріктіру керектігін  айтады.