Мешіт имамдары құран бағыштады. Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде көптеген адамның дүниеден өтуіне байланысты бүгін жалпыұлттық аза тұту күні өтуде. Осыған орай елдегі барлық мешіттерде құран кәрім бастан аяқ оқылып, хатым етілді. Өңірдегі Иманғали орталық мешітінде  де  имамдар мен  шәкірттер қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан барлық сарбаздарға  дұға бағыштап, құран оқыды. Сондай-ақ, бас имам Алтынбек Ұтысханұлы қаза болғандардың отбасы мен туыстарына  қайғыра көңіл айтты.