30 кезең, 30 жыл. Осындай атаумен Ш. Сариев атындағы өнер музейінде суретшілер арасында республикалық байқау-көрме өтті. Шараның мақсаты ҚР тәуелсіздік алған 30 жыл ішіндегі жеткен жетістігін даму кезеңдерін кенеп бетіне түсіру. Шараны салтанатты түрде ашу үшін алдымен сөз кезегі Шаймардан. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейінің басшысы Т.Орынбасарұлына берілді. Жиналыс барысында әсем ән шырқалып, күмбірлеген күй орындалды. Лента қию рәсімі Өмірбек Орынбасарұлына, Қамбарбек Хасенұлына және Бақтыгерей Селдіұлына берілді.