7 мамыр - Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ерекше күн. Осыдан 27 жыл бұрын Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен еліміздің Қарулы Күштері құрылды. Содан бері бұл күн - Отан қорғаушылар күні болып мерекеленіп келеді. Халқымыздың ерлігі мен айбынын асқақтататын мерекеге орай облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында салтанатты шара өтті.