КІШКЕНТАЙ ОҚЫРМАНДАР ХӘКІМ АБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Сондай-ақ, Абай күніне орай облыстық балалар кітапханасында поэзиялық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Тағылымды кездесуге кішкентай оқырмандар қатысып, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысты. Балалар Абайдың өлеңдері мен қарасөздеріндегі тағылымды ойларға үңіліп, өз білімдерін ортаға салды.