МАУСЫМДЫҚ АЛЛЕРГИЯ ӨРШІП ТҰР
Өңірде маусымдық аллергияға шалдыққандардың саны артты. Шаң, тозаң және ыстық ауа райының әсерінен денесі бөртіп, тынысы тарылған тұрғындар медицина көмегіне жүгінуде. Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде бір аллергологтың қабылдауына күніне жүзден астам науқас келеді. Олардың арасында кішкентай балалардан бастап, егде жастағы азаматтарға дейін бар. Мамандар бұл дерттің себептері мен белгілері туралы не дейді? Ал маусымдық аллергияның алдын алу және оны емдеудің қандай жолдары бар? Сюжеттен көрейік.