ЖАСТАР ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ
10 тамыз - қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күні. Бұл дата елімізде жыл сайын Абай күні ретінде аталып өтеді. Ғасырдан астам уақыт бұрын жазылған қара сөздеріндегі ойлар бүгінгі жастар үшін де маңызын жоғалтқан жоқ. Бірі ақын шығармаларын мектеп бағдарламасы арқылы таныса, енді бірі есейген сайын Абайдың қара сөздеріне қайта үңіледі. **Бүгінде де жас ұрпақ Абайдың тағылымды ойларынан өзіне қажетті бағыт-бағдар табады. Ақын мұрасының қазіргі жастарға қаншалықты жақын екенін келесі сюжеттен көрейік.