Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Атыраудағы өндірістік кәсіпорындарды аралады. Оған БАҚ өкілдері қатысып, өңірдің экономикалық дамуына серпін беріп отырған бірқатар компаниялардың тыныс-тіршілігімен танысты. Мақсат – халықты өңірдің индустриялық әлеуетін нығайтып отырған кәсіпорындардың жұмысы туралы кеңінен ақпараттандыру.