«Мектеп жабылмасын». Атырауда бір топ ата-ана мен мекеме қызметкерлері осылай деп шу шығарды. Олар күрделі жөндеуден өткен оқу ордасының жабылмауын қалайды. Өйткені, ашық туберкулезге шалдыққан ұл-қыздарды өзге мектепке тасу қиын, әрі ауру басқа балаларға жұға ма деп қорқады.