Еріктілер мен белсенділер квест-ойындарында бас қосты. Шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Интелектуалды ойында олар заң мен тәртіп тақырыбында білімдерін сынады. Айта өтейік, бастамаға Ішкі саясат басқармасы, Жастар ресурстық орталығы және облыстық Полиция департаменті мұрындық болды.