Атыраудағы жекеменшік балабақшалардың бірінде 3 жастағы қыз баспалдақтан құлап кеткен. Шұғыл көмек көрсеткен дәрігерлер кейіннен баланың жабық бас-сүйек жарақатын алып, миының шайқалғанын растады. Ал оның анасы аталған жайтқа тәрбиешілердің салғырттығы себеп деп отыр. Өкініштісі, баланың нақты қай жерде, қалай жарақат алғаны мекемедегі бейнебақылау камераларына жазылмапты. Қазір аталған іс бойынша сараптама тағайындалған.