Биылғы оқу жылында 16 762 бала 1-сыныпқа барады. Білім басқармасындағылар бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 054 оқушыға көп деп отыр. Ұл-қыздарды мектепке қабылдау әлі жүріп жатыр. Ал 12 мыңға жуық ата-ана баласын электронды өтініш арқылы тіркеп үлгерген.