Биыл әйтеуір жыр болған Атырау- Орал бағытындағы республикалық маңызы бар жол жөнделмек. Жауаптылар қазан айында білек сыбана жұмысқа кірісеміз, дейді. Жоспарға сәйкес, 94 шақырымдық тас жол тегістелмек. Жоба құны 23 млрд теңгені құрайды. Қазір әкімдік мердігер мекемені анықтап, конкурс жариялапты. Тақырыпты Ақтоты Өркешбаева айтып береді.