Үйде отырған аналар арасында үш апталық тігін оқу курсы өткізілді. Жастар ресурстық орталығының бастамасымен қолға алынған шараның ақтық сынына 20 әйел іріктеліп алынған. Ұйымдастырушылар осы арқылы үйде бала тәрбиесімен отырған аналардың көңілін аулап, оларды пайдалы іспен шұғылдануға шақырған.