Атырау телеарнасы көрерменді ауыл тынысымен таныстыруды жалғастырады. Бұл жолы түсірілім тобы Бейбарыс ауылына ат басын тіреді. Еңбекті жанына серік еткен ауыл халқы жылыжай ісін дөңгелетіп отыр. Мұндағы әрбір өскін маңдай тер мен табанды еңбектің жемісі. Жерден ризығын терген жұрт ерте көктемнен, күзге дейін көкөніс түрін баптап. Ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуде.