Биыл шаһар аумағында 50 000 тал отырғызылады деп жоспарланған. Аймақтағы көгалдандыру жұмысымен 16 жылға жуық уақыттан бері бір ғана мердігер мекеме айналысады.Олар осыған дейін 25 000 терек еккен. Биылғы жоспар бойынша орталық көшелер саналатын Сәтпаев, Құрманғазы. Исатай Тайманов маңы мен Атырау-Орал және Атырау-Астрахан тас жолы бойына басымдық берілмек. Олар өз көшетханаларында 70-мыңнан аса өсімдік түрін баптайды. Өйткені, аймақтағы 11560 метр гүлзарларды күтіп ұстауға жауапты. Соңғы жылдары раушан гүлдері жиі егіледі. Өйткені, олар көпжылдық. Жерге қолайлы. Бұл өз кезегінде мемлекет қаржысын үнемдеуге де себеп. Одан бөлек 183 000 квадрат метр газон жабдықтарын төселуін қамтамасыз етеді. Сонымен қоса, биыл ретро парк алаңында да жаңғырту-жаңарту жұмыстары атқарылмақ.