Ата бабамыз «Алыстағы ағайыннан жаныңдағы көрші артық» деп білген. Дегенмен, бұл-бұрындары. Өйткені, қазір көпқабатты үйлерде тұратындар арасында ондай байланыс жоқтың-қасы. Тіпті, бір есіктен кіріп-шығатын жарлас көршілер бір-бірін танымай да жатады. Әріптесім Нұргүл Сағындыққызының мұндай түсінікті жоюға ат салысып, үлгі болатын көршілерді сюжетіне арқау етті. Бейнематериалдан көрейік.