Атырауда «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды. Оған авариялық-құтқару қызметтері және құрылымдары, облыстық азаматтық қорғау қызметтері, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері қатысты. Топ жұмысы ҚР ТЖМ вице-министрі Кеген Тұрсынбаевтың басшылығымен өтті.