Республикалық маңыз бар Атырау - Орал тас жолының 44-ші шақырымы жуық арада қайта жанданады. Қазіргі таңда "ҚАЖСервис" Атырау облыстық филиалы мекемесінің қызметкерлері жолды қалыпқа келтіру жұмыстарын қарқынды түрде жүргізіп жатыр. Осыдан бірер күн бұрын жол қозғалысының 5 - 67 шақырымы тоқтатылған. Жоспарға сәйкес 8 шілде күні пайдалануға берілмек.